06  желтоқсан  2018 жылы  Құрманғазы  атындағы  балалар  саз мектебінде қазақ  ұлт  аспаптар бөлімі  дайындаған  күйші, композитор  Құрманғазы Сағырбайұлының  195 жылдығына   арналған  «Кемеңгер күй атасы – Құрманғазы» атты  лекция-концерт   өткізілді.

 

Лекция-концерттің  мақсаты: Есімі  ұлттың  төлқұжатына  айналған  дара  тұлғалардың  бірегейі – Құрманғазы  Сағырбайұлының  шығармашылығын  насихаттау.  Концертте  ұлы  күйшінің  өмірбаяны, шығармашылығы  туралы айтылды.  Домбыра-тенор  бөлімінің  оқушылары  Ғилым Ж, Жандосов Б, Аллажарұлы Д, Жастілекқызы Т, Дүзелбай А, Қайролла Н, Марат А, термешілер триосы  және домбырашылар  ансамблі   өнер  көрсетіп,  көрермендерге  көтеріңкі  көңіл күй сыйлады.

 

 

«Кемеңгер  күй атасы – Құрманғазы»

 

.