Жаңалықтар

Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін, инклюзивті білім беру мен моторикасын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. "Венера" инклюзивті шығармашылық шеберханасы аутизм, Даун синдромы, сал ауруы секілді дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейді, жаңа нысанда ата - аналарға психологиялық көмек көрсету мен қолдау шаралары да қамтылған. -Орталық 25 адамға арналған, мұнда балалармен логопед, арт-терапия, логоритмика мамандары айналысады.

Бүгінге дейін мың жарым қатысушы жүгіруге тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл үшінші рет өткелі отырған дәстүрлі марафон кең көлемде болады және үш мыңға жуық қатысушы бақ сынайды деп күтілуде. Бүгінге дейін Қазақстанның ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Көкшетаудан желаяқтар бұқаралық жүгіруге қатысуға өтінім берді. Үшінші қайырмдылық жүгіру шарасындағы бес қашықтықтың біріне қатысуға шетел азаматтары мұнай компанияларының мамандары да ниет білдірген. - Қатысушылардың таңдауына бес қашықтық 42 км, 21 км, 10 км, 3 км, 1,2 км (балаларға арналған) ұсынылады. Жеңімпаздар жастарына қарай 76 санат бойынша марапатталады.

Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің​ баспасөз қызметі. Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш​ акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.

06  желтоқсан  2018 жылы  Құрманғазы  атындағы  балалар  саз мектебінде қазақ  ұлт  аспаптар бөлімі  дайындаған  күйші, композитор  Құрманғазы Сағырбайұлының  195 жылдығына   арналған  «Кемеңгер күй атасы – Құрманғазы» атты  лекция-концерт   өткізілді.

09  қараша   2018  жылы мектебіміздің  ІІ-ші  фортепиано  бөлімінің  оқушыларымен мұғалімдері  әдемі, алтын күз мезгіліне орай  «Осенние зарисовки» атты лекция-концертін  өткізді.

29 қыркүйек – 02 қазан аралығында  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Республикалық  қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында  Балаларға   қосымша  білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагогика кадрларына арналған «Балалар  музыка  мектебінің  оқу процесінде  Sibelius  ноталық бағдарламасын практикалық қолдану» атты  курсынан  мектебіміздің  мұғалімдері  біліктіліктерін арттырды.

Аталған форумда Облыстық  білім беру басқармасының  «Құрмет грамотасымен» прима-қобыз пәнінің мұғалімі Ахметова  Гүлнар  Кенжебайқызы марапатталды.