Хабарлама

 

Мұқыр орта мектебінде, бірыңғай мектеп формасын  таныстыру  мақсатында, ата-аналар жиналысы болды. Жиналысты мектеп  директоры В.Мырзағали  жүргізді.  Жиналыста  ата-аналарға бірыңғай мектеп  формасы  туралы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылған талаптар туралы басшылыққа алынды.


Мектеп формасының түсі: қою қара көк


Ұл балаларға да, қыз балаларға да өздерінің таңдауы бойынша ақ жейде (күнделікті, мерекелік) кию ұсынылатындығы таныстырылды.


Жиналысқа  қатысқан  ата-аналар сөз  сөйлеп, өз пікірлерін айтып, бірыңғай мектеп формасының  барлық оқушыларға бірдей теңестіріліп жатқанын құптап, бірауыздан балаларына  алып  беруге  келісімдерін  берді. Және болашақта осы форма сақталса деді.

 

 

Хаттама

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылған талаптары басшылыққа алынды.


Мұқыр орта мектебінде бірыңғай мектеп формасының теңестіріліп жатқанын құптауда. Сырт көзге әдемі,жинақы көрінетінін айтуда. Мектеп формасымен жүрген өте ыңғайлы,ашық шашық емес. Балаларға форманың түсі де, киім үлгілер де өте қатты ұнады. Ата – аналар жиналысында да, осы мектеп формасы бірыңғай болатындығы туралы, фото суреттері көрсетілгенде, барық ата – аналар қолдап,келісті.


Күні бүгін,мектебіміздің оқушылары, ата-аналарымен, көрсетілген мекен – жайға барып,мектеп  формасын  тіктіруде.


Болашақта осы форма сақталса дейді.